Қазақстандық медбике дүниежүзілік ең жоғары марапатқа ие болды

Экспресс К

Facebook / Татьяна Спиглазова

Ауруханалар емдеуден бас тартқан күрделі науқастарға тегін көмек көрсетіп келген Татьяна Спиглазова Халықаралық қызыл крест ұйымының ең жоғары наградасы - Флоренс Найтингейл атындағы медальдің иегері атанды.

Facebook / Татьяна СпиглазоваFacebook / Татьяна Спиглазова
Facebook / Татьяна Спиглазова

Татяна Спиглазова жылдар бойы төсек тартып жатқан науқастарға тегін көмек көрсетіп жүр. Осы мақсатта "Вера в добро" қоғамдық қайырымдылық қорын құрып, еріктілер клубын ұйымдастырған. Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының анестезиология және жан сақтау бөлімінің медбикесі Татяна Спиглазова бұдан әрі ауруханада емдеу тиімсіз деп танылған науқастардың өміріне бейжай қарай алмаған. Ол айықпас дертке душар болғандардың ақырғы сапарын жеңілдетіп, тіпті, бірқатарының сауығуына себепкер болған.

Facebook / Татьяна СпиглазоваFacebook / Татьяна Спиглазова
Facebook / Татьяна Спиглазова

"Мен ес білген шағымда әкем ауыр науқастанды. Өте көп қиыншылыққа душар болдық. Одан бері 20 жыл өтсе де, сол кездегі мәселелер әлі шешімін тапқан жоқ", — дейді Татьяна. Қайырымды жан медициналық білім алғанға дейін-ақ волонтерлықпен айналысып, үйде емделуге мәжбүр болған науқастарға көмек көрсетіп келіпті. Тіпті, төсек тартып қалған адамдардың ойық жарасын емдейтін дәрі де ойлап тапқан. Осы мақсатта екінші жоғары білім алып, фармацевтиканы меңгерген. Алайда, бұл дәріні патенттеу үшін 8-10 млн. теңге шамасында қаржы керек.

Facebook / Татьяна СпиглазоваFacebook / Татьяна Спиглазова
Facebook / Татьяна Спиглазова

Дерек: Флоренс Найтингейл медальі 1912 жылы Халықаралық Қызыл крест ұйымымен тағайындалды. Мейіргерлік ісінде ерен ерлік танытқан жандарға ұсынылатын халықаралық марапат бұған дейін бері небәрі 5 отандасымызға ғана берілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров