Аптап ыстық АҚШ-тағы 45 миллион адамды мезі қылды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

© Getty images

АҚШ-тың батысы мен оңтүстік-батысында шамадан тыс ыстық болып тұр. Термометр бағаны кейде әдеттегіден де жоғары градусқа дейін көтерілді — деп хабарлайды ЭК Euronews пен NBC News-ке сілтеме жасап.

Маусымның басы 45 миллион тұрғыны бар АҚШ-тың батысын аптап ыстық шарпыды.

Дәрігерлер тұрғындарға есіктің тұтқасына қол тигізубеуге немесе асфальтта жалаң аяқ жүрмеуге кеңес береді. Себебі күйік шалуы мүмкін.

©Reuters/David BECKER©Reuters/David BECKER
©Reuters/David BECKER

Калифорния мен Техаста электр жүйелері өте ыстық ауа-райының салдарынан істен шығуға жақын қалды. Тіпті Калифорнияның шығысындағы алқапта ауа температурасы 53 градустан асып кетіпті. Мұндай ыстық соңғы рет 1913 жылы болған екен.

Синоптиктердің айтуынша, аптап ыстық әлі де бірнеше күнге жалғасады. Ғалымдар мұның ғаламдық жылынумен байланысты екенін атап өтті және алдағы уақытта мұндай климат тұрақты болып қалуы мүмкн деген болжам бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров