Атырауда Жайық өзенінің жағасы өртенді

Фархат ӘБІЛОВ

ТЖД

Өзен жағасындағы өсіп тұрған қамыс пен шөп өртенді, деп хабарлайды ЭК.

Өрт 19 маусым күні кешкі 19:00 шамасында басталып, түтін иісі жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындарына сезілген.

"Тұрғын үй" қалашығында Жайық жағалауында өскен тоғай мен қамыс қопалары жанған. Бұған ауа райының тым ыстық болуы әсер еткен. Жағалаудағы жалынды сөндіруге 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды" ,- деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Түнгі 22:00 шамасында өрт толық ауыздықталып, қазір шығу себептері анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров