Қызылордада 13 жасар қыз жоғалып кетті

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Қызылорда қаласы маңындағы Махамбетов ауылында екі күн бұрын жоғалып кеткен 13 жастағы қыз бала әлі табылмай жатыр, деп жазады ЭК.

Қызылорда облысының Полиция департаменті Бағдатқызы Замираны іздеп жатыр. Ол 18 маусым күні сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Оның ерекше белгілері: бойы 155 см, арық денелi, қараторы келген, шашы қоңыр түсті иығынан келеді, қысынқы көздi. Ол қызыл түсті шорты, қызыл түсті футболка киген.

"Қандайда бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білгеңіз 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-2 5 телефон нөмірлеріне хабар беруіңізді сұраймыз",

деп хабарлады Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жоғалған қызды құқыққорғау органдарынан бөлек, құтқарушылар мен еріктілер іздеп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров