Мүлт кеткен пенальти: нәтиже теңбе-тең


twitter.com / euro2020
Испания құрамасы Еуро-2020 топтық кезеңіндегі Польшамен ойыны 1: 1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды ЭК.
Бұл кездесуде алғашқы голды ойынның 25- минутында Альваро Мората соқты. Сөйтіп, бірінші тайм 1:0 есебімен испандықтардың басымдығымен аяқталған болатын.


twitter.com / euro2020
Алайда, екінші матчтың алғашқы он минутында, дәлірек айтсақ 54- минутта Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски гол соғып, есепті теңестірді.


twitter.com / euro2020
Әрі қарай ойын екі жақтың кезек шабуыл жасауымен жалғасса да, таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ.
Десе де, испания құрамасында матчты жеңіспен аяқтауға бір мүмкіндік болды. Пенальтиді орындауда мүлт кеткен Жерар Морено да бұл мүмкіндіктен айырылып қалды.
Осы тең ойыннан кейін Испания Е тобында 2 ұпаймен 3 орында қалды, поляктар болса төрттікті 1 ұпаймен жабатын болып тұр. Кездесу Севильяның "La Cartuja" стадионында өтті.