Лукашенко: Минск Украинаның ұшағын қабылдамайды

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск Украинаның ұшақтарын қабылдамайтынын айтты. БелТА басылымына сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Лукашенко Минск қалалық №2 клиникалық балалар ауруханасының қызметкерлерімен кездесу барысында беларусьтардың көбісі Ресей мен Грузия курорттарына барып жатқанын айтты. Ал Түркия мен Египетке сапар шегетіндер Украинаның шектеулеріне байланысты басқа жолмен айналуға тура келіп отыр.

"Украинаның жиіркенішті әрекетін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Біз бұл жерде олардың адамдарын құтқарып жатырмыз (украиналықтар Беларуссияның денсаулық сақтау мекемелерінде емделеді — Ред.). Әрине, халықтың еш кінәсі жоқ. Украина біздің жолымызды жауып тастады. Амал жоқ, Түркияға және Египетке жету үшін 40-45 минут айналма жолмен ұшу керек болып тұр" — деді Александр Лукашенко.

26 мамырда Украина Минск Ryanair ұшағын тоқтатқан соң, олармен әуе қатынасын үзетінін мәлімдеген болатын.

Өйткені Ryanair рейсінде Беларуссияда экстремистік деп танылған оппозициялық Telegram каналының негізін қалаушы Роман Протасевич ұшқан. Оны жұбайы Софья Сапегамен бірге Минск әуежайында құжаттарды тексеру кезінде ұстаған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров