Германия әлем және Еуропа чемпионаттарындағы голдарының санын 302-ге жеткізді

Бек ТӨЛЕУОВ

© Getty Images

Футболдан Германия ұлттық құрамасы әлем және Еуропа чемпионатында 302 гол соққан, деп Sports.ru порталына сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

Бундестим Еуро-2020 чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Португалияны 4:2 есебімен жеңген еді. Осы ойындағы 4 доптан кейін Германия халықаралық аренадағы ірі турнирлердегі голдарының санын 302-ге жеткізді. Әзірге Еуропа құрамаларынан мұндай көрсеткішке бірде-біреуі жеткен жоқ.

© Reuters/Kai PFAFFENBACH© Reuters/Kai PFAFFENBACH
© Reuters/Kai PFAFFENBACH

Енді Германия келесі турда Венгриямен кездеседі.

Германия әлем чемпионатында 4 рет, Еуропа чемпионатында үш рет топ жарғанын айта кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров