Ұша алмаған аққулар кен орнында қалып қойған

Экспресс К

© Дмитрий КАЗАНЦЕВ

Маңғыстау облысында тобынан бөлініп ұшқан үш аққу межелі жеріне жете алмай кен орнына келіп қонған, деп хабарлайды ЭК.

Лада.кз сайтының мәлімдеуінше, аққуларды "Комсомольск" вахталық мекенінің қызметкерлері тауып алған.

Кен орнының қызметкері Дмитрий Казанцевтің аққулар әуел отарымен қонғанын айтады. Кейін барлығы қайта ұшып кетпек болғанда үш аққу ұша алмаған.

Қызметшінің әйелі аққулардың жағдайын айтып жауапты мекемелерге хабарласқан. Бірақ нәтиже болмапты. Құстарға капуста, сәбіз беріп барынша тамақтандырған.

Дмитрийдің айтуынша, аққулардың екеуі әл-дәрмені құрып өліп қалған, қалған біреуін жергілікті жұмысшылар күтіп-баптап отыр.

© Дмитрий КАЗАНЦЕВ© Дмитрий КАЗАНЦЕВ
© Дмитрий КАЗАНЦЕВ

Өткен аптада ғана Бейнеулік тұрғын айдалада жүрген жалғыз аққуды тауып алған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров