ҚР Қарулы күштерінде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасты

Экспресс К

ҚР ҚМ

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің айтуынша, ҚР Қарулы күштеріндегі жеке құрамның 70%-дан астамы вакцинаның екі компонентін алған. Ал жалпы екпені 96% әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдері алған депхабарлайды ЭК

"Әскерде екпе салу процесі көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізуде қиындады, оның барысында жеке құрам ауыстырылды. Сондай-ақ елдің түрлі өңірінен инфекция жұқтырған әскерге шақырылушылардың келу жағдайлары орын алды.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру көптеген шектеулерді алып тастауға және жоспарланған әскери даярлық шараларын, ауқымды жаттығуларды толық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.",-деді Бас әскери-медициналық қызмет басқармасының басшысы Тимур Ошақбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров