Түркістанда суицид жасаған педагогтың жағдайы жақсара бастады

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Pxhere

Өз-өзіне қол салмақ болған әйел сақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды ЭК.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Елмұратова суицид жасап, ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлер қазір оның жағдайы жақсарып келе жатқанын айтуда.

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде бейәдеп сөздер айтқан педагогтың видеосы тарап кеткен болатын. Ұстаз мұндай әрекетке амалсыздан барғанын айтып, көпшіліктен кешірім сұраған. Онда көлігімен келе жатқанда жастар жан-жақтан қысым көрсетіп, авариялық жағдай туғызып, жолдың шетіне шығарып жібергенін айтқан. Содан ашуға бой алдырып, айтқан сөздері желіге тарап кеткенін жеткізген еді.

Бұл оқиғаға қатысты 19 маусымда Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев "Facebook" парақшасында Ұлжан Елмұратова қызметінен босатылғанын хабарлады.

Ал, кешкісін ұстаздың суицид жасағаны туралы ақпарат тарады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров