Күдікті ретінде ұсталған депутат, саяси үйым қатарынан шығарылды

Нұрболат АДЫРБЕК

© Фархат АБИЛОВ

Қазір үй қамауында отырған Атырау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Абзал-Сенбі Самаликов "Нұр Отан" партиясы қатарынан шығарылды, деп хабарлайды ЭК. Жергілікті "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Самаликовты "Нұр Отан партиясы мүшелігінен шығаруды партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының жиналысы ұсынған.

Осы факті бойынша 18- маусымда партияның Мақат аудандық филиалы саяси кеңесінің бюро мәжілісі өтті, онда Самаликовты "Нұр Отан" мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды,

деп хабарлады партияның облыстық филиалы.

43 жастағы Мақат-Атырау локомотив пайдалану депосының басшысы "аса ірі көлемде ақша жымқырды деп күдікке ілінгенін, онымен бірге бұл іс бойынша тағы 21 адам жауапқа тартылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров