WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Бек ТӨЛЕУОВ

© Getty Images

WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ЭК.

Америкалық өзінің туған қаласы Хьюстонда (Техас штаты, АҚШ) кездескісі келеді. Ол GGG-мен барлық титулдарды ортаға салуды көздеп отыр. Отандасымызда қазіргі кезде IBF мен IBO тұжырымдарының белбеуі бар.

"160 фунт — бұл менің дивизионым. Барлық титулдарды біріктіріп, Головкинді Хьюстонға шақырғым келеді", — деді Чарло.

Бүгін Чарло Хьюстондағы Toyota Center аренасында мексикалық Хуан Масиас Монтиэльден басым түскенін айта кетейік.

Сөйтіп, 31 жастағы Чарло белбеуін бесінші рет қорғап қалды. Осының алдында ол украиналық Сергея Деревянченконы жеңген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров