Түркістанда тұңғыш рет джаз фестивалі өтті


Әкімдіктің баспасөз қызметі
Фестивалде джаз әлемінің жұлдызы Игорь Бутман өнер көрсетті, деп хабарлайды ЭК.
Түркістан облысының құрылғанына үш жыл толуына орай "Turkistan Jazz Party I" джаз фестивалі өтті. Кеште "X BAND", "Дара", "Американо Бэнд", Гаухар Саттарова, STEPS тобы, Жанна Орынбасарова, Band секілді танымал орындаушылар және джаз саксофоншысы Игорь Бутман өнер көрсетті.


Әкімдіктің баспасөз қызметі
Сатылған билеттерден түскен 1 миллион теңге көлеміндегі қаражат "Аружан Саин" қайырымдылық қорына аударылады.


Әкімдіктің баспасөз қызметі
Бұдан былай "Turkistan Jazz Party" Джаз фестивалі Түркістанда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынын айта кетейік.