UFC-де бірде-бір кездесуде жеңілмеген спортшы Қазақстанның атынан қатысады

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com / movsar_evloev_94

Танымал ресейлік файтер Мовсар Евлоев Қазақстан Arlan MMA Pro Team командасының құрамына өтті, деп хабарлайды ЭК.

Спортшының өзінің айтуынша, клуб жақсы қаржы ұсынған. Бірақ Евлоев тегін өнер көрсетуді ұйғарған.

"Бүгіннен бастап, Қазақстанның Арлан Про командасының атынан қатысамын. Бұл команда көптеген спортшыларға көмектесіп жүр. Маған да жақсы шарт ұсынған. Алайда, құдайға шүкір менде бәрі жеткілікті. Сондықтан бауырластықты бірінші орынға қойып, Arlan Pro клубының намысын ақысыз қорғауға шешім қабылдадым",- деп жазды спортшы Instagram парақшасында.

Евлоев — қазіргі кездегі UFC лигасы өкілдері арасында қатарынан 15 жекпе-жекте жеңіске жеткен жалғыз спортшы. Ол жеңіл салмақта әлемдік рейтингте 13-орында тұр. Енді Қазақстан атынан қатысатын спортшылардан әлемдік рейтинге жоғары орында тұрған алғашқысы болмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров