Өзбекстан шенеунігі жартылай жалаңаш бишілерден жапа шекті

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

© Нурали МИРЗАЕВ

Өзбекстанда жартылай жалаңаш бишілермен бірге көңіл көтерген шенеуніктер қызметінен босатылды, деп хабарлайды ЭК.

Бейнеден кадрБейнеден кадр
Бейнеден кадр

Өзбекстанның Сырдария облысы хәкімінің орынбасары қызметінен атқарған Нұрали Мирзаевтың айтуынша, бұл жағдай нақты өзіне қарсы қасақана ұйымдастырлған деп есептейді..

Бұрынғы шенеуніктер әлеуметтік желідегі бейнежазбадан соң өз еркімен жұмыстан кеткен.

Облыс хәкімінің бұрынғы орынбасары Нұрали Мирзаев "Газета.uz" ақпарат құралына берген сұхбатында видео өткен жылдың қазан айында түсірілгенін айтады.

"Біз, ішімдіксіз дастархан басына кешкі ас ішуге жиналғанбыз. Тойда да осындай бишілер ерлерге жақындап билеп, ақша дәметеді. Біз де ұялғанымыздан ақшасын беріп, бишілерді тезірек қайтарып жіберуге тырыстық. Алайда, қоғам бізді сол бишілермен көңіл көтерді деп сынап сөгіп жатыр", — деді ол.

Ол бейнежазба әдейі түсірілген, бұл жағдай алдын ала ұйымдастырылған провакация деп санайды.

"Мен бір-екі рет ақша бердім. Видеода соны 4-5 рет қайталап көрсетеді, бейнежазбаның соңына әлдебір ақынның өлеңін қосып әсерлеп көрсетпек болған. Мұндай бишілер көптеген мерйрамханаларда бар. Мен бұл лауазымда бір-ақ ай жұмыс істедім. Маған жала жабылды, өзімді отбасым, әріптестерім мен басшылық алдында ақтағым келеді", — дейді бұрынғы шенеунік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров