187 метрлік үлкен астероид жерге жақындап келеді

Бек ТӨЛЕУОВ

Pixabay

441987 (2010 NY65) атты үлкен астероид жерге жақындап келеді. Бұл туралы Daily Express басылымына сілтеме жасап ЭК хабарлайды.

NASA мәліметтеріне сүйенсек, ғарыш денесінің ұзындығы 187 метр. Бұл астероидтың көлемі Нью-Йорктегі Бостандық мүсінінен екі есе үлкен.

Сондай-ақ астероидтың жерге секундына 13,4 шақырым жылдамдықпен жақындағаны хабарланды. Көк ғаламшарға жеткен соң, ол жерден айға дейінгі жолда 15 еседен астам жылдамдықпен қозғалады.

Сонымен бірге, мамандар астероидтың жерге өте жақын екенін айтады.

14 мамырда жерге диаметрі 88-ден 200 метрге дейінгі үлкен астероид жақындайтындығы туралы хабарланған болатын. Одан бөлек, Ресей Ғылым академиясының Пулково астрономиялық обсерваториясының ғалымдары айдан алыс қашықтықта ұшатын аспан денелері біздің ғаламшарымызға ешқандай қауіп төндірмейді деген пікір айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров