"Просто Мария" отқа оранды

Нұрболат АДЫРБЕК

ТЖД

Павлодардағы орталық көшелердің бірінде орналасқан тігін салоны отқа оранды. Өрт қасақана қойылған болуы мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама орталыққа 20 маусымда сағат 00.38-де түскен.

Оқиға, генерал Дүйсенов көшесі, 123 мекен-жайында орналасқан "Просто Мария" тігін салонында болған. 550 шаршы метрлік бір қабатты ғимараттың ағаш шатыры түгелдей жанып кеткен. Өрт болған жерде жеке құрамның 38 қызметкері мен сегіз техникасы жұмыс істеді. Қызыл жалын сағат 3:10-да толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір қызыл жалынның себептері анықталып жатыр. "Өрт сөндіру қызметі мамандарының алдын-ала болжамы бойынша, өрт қасақана қойылған болуы ықтимал" — деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров