Премьер-министрлікке үміткердің көлігіне оқ атылды

Нұрболат АДЫРБЕК

Facebook / Арман Бабаджанян 

"Ширинян-Бабаджанян" блогынан Армения премьер-министрлігіне үміткер Арман Бабаджанянның көлігіне оқ атылды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ол өзі әлеуметтік желілерде жазды.

Бабаджанян өэ жазбасында — "Кісі өлтіруші, ұры, мафия бостандықта болса, тіпті сайлауға қатысса, онда біз елдегі бұндай апатты жағдайлардан арылмаймыз. Солар менің көлігіме оқ атқан", -деп жазды деді, "Sputnik-Армения" ақпараттық сайты.

Жергілікті полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Демократтар Альянсынан премьер-министрлікке үміткер Арман Бабаджанян оған оқ атқан кезде өзі көлікте болмаған.

Полиция бүгін сағат 09:30 шамасында белгісіз біреу Бабаджанянның көлігінің алдыңғы әйнегіне оқ атқанын растады. Оқиға Норк-Мараш қауымдастығының маңында болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Бүгін, яғни 20-маусымда Арменияда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтіп жатыр. Саяси додаға қатысу үшін елде 25 саяси күш тіркелген. Олардың 21-і партия және 4-еуі блок.

Сайлау учаскелері сағат 08.00-де ашылды. Елдегі 2008 сайлау учаскесі бар. Олардың, 479-ы Ереванда, қалған 1529-ы аймақтарда орналасқан. Республикада 2,578 миллион азамат сайлауға қатысуға құқылы. Оның 855 мыңнан астамы ел астанасының тұрғындары. Армениядағы сайлау туралы заңға сәйкес, саяси күштердің парламентке өтуінің ең төменгі шегі, партиялар үшін 5 пайыз, блоктар үшін 7 пайыз деп белгіленген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров