Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты бүгін толық қуатында жұмысын бастайды


instagram.com / akimat_mangystau
Кәсіпорын бүгін түнде 100%-ға толық қуатында жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды ЭК.
16 маусым күні зауыттың сыртқы жылу ауыстырғыш аумағының К-900 компрессор цехы өртенген болатын. Көп ұзамай тілсіз жау ауыздықталды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бүгінде зауыт 30% -ға жұмыс істеп тұр. Аумағында авариялық қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Зауыт басшысының айтуынша, кәсіпорын бүгін түнде 100%-ға толық қуатында жұмыс істей бастайды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Өткенде ғана "ҚазМұнайГаз" компаниясы қазір зауыт жанынан жаңа газ өңдеу зауытының жобасын жасауға кірісті. Күні кеше Мемлекет басшысы да бұл зауыттың құрылысын тездетуді тапсырды.


instagram.com / akimat_mangystau