Самокат қағып кеткен әйел ауруханада қайтыс болды

Нұрболат АДЫРБЕК

©Reuters/Hannah MCKAY

Парижде электрлі самокатпен жүрген екі әйел жаяу әйелді қағып кеткен. Ауыр соққыдан асфальтқа баспен құлаған әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

ВВС-дің жазуынша, марқұм әйел сол күні құрбысымен Сена өзенінің жағалауында қыдырып жүрген. Кенет, оларды электрлі самакатқа мінгескен екі әйел қағып өтеді. Сол жерде 31 жастағы марқұм асфальтқа құлаған.

Осы уақытта өзен бойымен жүзіп бара жатқан полиция қайығы тоқтап, әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, артынан ауруханаға жеткізген. Әйел сол жерде комада жатып, екі күннен кейін қайтыс болды.

Қазіргі таңда полиция кінәлілерді іздеп жатыр.

Және соңғы кезде осындай оқиғалар жиілеп кетуіне байланысты Франция билігі электрлі самакаттарға арналған жол ережелерін күшейту жағын қарастырып жатыр.

Қайтыс болған әйел Италия мемлекетінің азаматшасы екені анықталып отыр. Оның тегі еш жерде жарияланбаған. Тек Мириам деген есімі аталады. Тоскана қаласының тумасы Мириам Париждегі итальяндық мейрамханалардың бірінде даяшы болып жұмыс істеген.

Бүгінде осы факт бойынша Француз прокуратурасы адам өлтірді деген күдікпен тергеуді бастап, істі өз бақылауына алған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров