Депутаттар өз қаражатына саябақты жаңартып, "Депутаттар аллеясы" деп атау берді

Болат МӘЖИТ

Facebook / Мейрамбек Төлепберген

Тараз қаласындағы орталық саябақ іші қайтадан түрленіп шыға келді. Оны жөндеуге кеткен қаржыны Жамбыл облысының мәслихат депутаттары өз қалталарынан шығарған, деп хабарлайды ЭК

Жағымды жаңалықпен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген Facebook парақшасында бөлісті.

"Енді міне, ұлт перзенті Тұрар Рысқұлов ескерткіші тұрған Орталық саябақ түрленіп шыға келді. Облыстық мәслихат депутаттары өз қалталарынан 18,5 млн теңге шығарып, саябақтың іші-сыртын, жаяу жүргіншілер жолын реттеп, ағаштардың айналасын тас төсеніштермен жаңартты. Оған "Депутаттар аллеясы" деген атау берілді. Жұрт бұған ерекше риза", — деп жаpls jk.

Facebook / Мейрамбек ТөлепбергенFacebook / Мейрамбек Төлепберген
Facebook / Мейрамбек Төлепберген

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты саябақ ішіндегі Тұрар Рысқұловтың қоладан құйылған ескерткіші қайтадан жаңғырғанын айтады. Бұл игі істі жергілікті депутатттар өз аттарын шығару үшін емес, ел аманатын арқалаудың бір парызы ретінде санайды.

Бұл — елге деген мейірім. Бұл — қайырымдылық қадамдарын құп көру. Бұл — береке-бірлікке азамат ретінде атсалысу,

дейді Мәжіліс депутаты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров