Нұрбақыт Теңізбаевтың айтқаны келді

Болат МӘЖИТ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Жетісулық спортшылар Токио Олимпиадасына 11 жолдама ұтып алды, деп хабарлайды ЭК

©Reuters©Reuters
©Reuters

Жыл басында Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Токио Олимпиадасына оннан астам жолдамаға ие боламыз деп болжам жасаған еді. Айтқаны айдай келді. Алматы облысының спортшылары ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына 11 жолдама ұтып алды.

Атап айтар болсақ, олар — грек-рим күресінен — Асхат Дилмухамедов, зілтемір көтеруден — ­Зулфия Шиншанло мен Игорь Сон. Велошабандоз — Сергей Понамарев, жүзуден Мария Федотова, садақ атудан — Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллиндер. Жетіл атлетикадан — Айман Ратова мен Иван Иванов қатысады. Байдарка мен каноэ есуден Светлана Усова ел намысын қорғайтын болады.

Қазір жоғарыда аталған спортшылар жаттығуға алаңсыз кірісті

Жолдама тарату жарыстары мұнымен аяқталған жоқ. Демек әлі де Олимпиадаға баратындар саны еселенеді деген үміт бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров