ЛГБТ шеруіне шыққандарды жүк көлігі соғып кетті
©Reuters/Chris DAY / Sun SENTINEL
АҚШ-тың Флорида штатында ЛГБТ шеруіне шыққандарды жүк көлігі қағып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ЭК
©Reuters/Chris DAY / Sun SENTINEL
ЛГБТ шеруі 19 маусым күні Stonewall Pride фестивалі аясында Уилтон-Мэнорс қаласында өткен болатын. Шерушілердің қасынан өтіп бара жатқан жүк көлігі жылдамдығын бірден арттырып, адамдарды қаққан. Бір адам қаза тауып, екіншісі хал үстінде жатыр деп жазады Reuters ақпарат агенттігі.
©Reuters/Joey SPEARS
Зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы қалыпты. Шерушілерді қаққан жүк көлігі қақпаға соғылып барып әрең тоқтаған. Көлік жүргізушісі қамауға алынды.
©Reuters/Joey SPEARS
Қазіргі таңда оқыс оқиғаның ақ-қарасы анықталып жатыр. Алайда қала мэрі мұны ЛГБТ қауымдастығына жасалған қастандық деп баға беріп үлгерді. Жол апатынан кейін көшедегі шеру тоқтатылып, фестиваль қайта жалғасқан.