Қызылордада жоғалған 13 жасар қыздың денесі су арнасынан табылды

Экспресс К

Pxhere

Жасөспірімнің мәйіті Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылының тұсындағы Шіркейлі суару арнасынан табылды, деп хабарлайды ЭК.

2008 жылғы қыз баланың үйден шығып оралмағандығы туралы ақпар қалалық полиция басқармасына 19 маусым күні түскен.

Дереу арнайы топ құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оған ерікті азаматтар да атсалысқан. Денесі 20 маусымда табылды.

Оның су айдынына кіммен барғаны, қайғылы жағдай қалай орын алғаны туралы ресми ақпарат жоқ

Сырдарияда су аз. Бірақ, күріш алқаптарына су жіберуге арналған шағын арналардың ағысы қатты.

Қызылорда облысында биыл 18 адам суға кетіп, ажал құшты. Оның 12-сі мектеп оқушылары екенін айта кету керек.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров