АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларды айтып өтті

Экспресс К

©Reuters/Denis BALIBOUSE

АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан елдің Ресейге қарсы “ Солтүстік ағым-2” құрылысы мен Навальныйдың соңына түскендігі үшін жаңа санкциялар енгізуді жоспарлап отырғанын жариялады, деп хабарлайды ЭК.

ТАСС-тың хабарлауынша, Вашингтон Навальныйдың айналасындағы шудан соң әлдеқашан Мәскеуге қарсы санкциялар енгізген.

"Біз де осы жағдайға байланысты тағы бір санкциялар жинағын дайындап жатырмыз",- деді Джейк Салливан.

16 маусым күні Женевадағы баспасөз жиынында Ресей президенті Владимир Путин журналистердің Навальныйға қатысты сұрақтарына: "Блогер Ресейдің заңдарын бұзды және біздің сотталғандарды тіркейтін жауапты органдардың талабын елемеді", — деген болатын.

Путин АҚШ Ресейді өзінің қарсыласы деп жариялағанын және Ресейді қолдамайтын ұйымдарды қолдайтынын ашық айтты. Сондықтан Ресей де мұндай қатынасқа сақтықпен қарайтынын, бірақ Ресей Заңдары аясында әрекет ететінін айтты.

16 маусымда АҚШ Президенті Джо Байден Владимир Путинге Навальный жамандыққа ұшырай қалса " жақсы болмайтынын" ескертті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров