Неміс әжей: "Мені ақтық сапарға қазақтың әнімен шығарып салыңдар"

Болат МӘЖИТ

Бейнеден кадр

Германияда қайтыс болған неміс әжей немересіне соңғы сапарға қазақтың әнімен шығарып сал деп өсиет қалдырған деп хабарлайды ЭК

Әлеуметтік желідегі бейнежазбада ұрпақтары мен туыс-туыстарының шығарып салу рәсімінде қазақ әні шырқалып тұрды. Бұл көрініс Фейсбук қолданушыларын қатты толқытты. Көңілдерін білдіріп, қимас сезімдерімен бөлісіп жатты. Қайтыс болған әйже Қазақстаннан Германияға қоныс аударған екен. Тіпті бұл отбасының Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жиделі ауылында тұрғандары да айтылды. Әжесі ұрпақтарына осылайша өсиет қалдырғаны, қазақ халқының жақсылығын ұмытпағандықтан шығар деп жазады желі қолданушылары.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров