Израиль вакцина салдырған туристерге шекарасын ашады

Болат МӘЖИТ

© Getty images

1 шілдеден бастап коронавирусқа қарсы екпе салдырған туристер Израильге емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды ЭК.

The Jerusalem Post бұл туралы сол елдің ішкі істер министрі Айелет Шакет мәлімдегенін жазады.

Сондай-ақ елге 6 жасқа дейінгі балаларға вакцина алған ата-аналарымен бірге жүруге рұқсат етіледі.

COVID-19 вирусын жұқтыру қаупі жоғары деп танылған елдердің азаматтары Израильге кіре алмайтыны да айтылды. Қазір бұл тізімде Ресей, Аргентина, Бразилия, Үндістан, ОАР және Мексика тұр. Осы елдердің азаматтары Израильге бару үшін арнайы рұқсат алады. Мысалы, мұнда жақын туыстары бар адамдарға немесе осында вакцина салдырған шетелдік жұмысшыларға ғана жол ашылуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров