Ақиық ақынның 90 жылдығы аталып өтеді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Биыл күзде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтпек, деп хабарлайды ЭК.

Қазір ауданда мерейтойға даярлық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін Қарасаз ауылындағы мәдениет үйі мен мұражайы жөндеуден өткізілді. Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында да екі бірдей саябақ ашылып, ақынның еңселі ескерткіші орнатылады.

Аудандық әкімдіктің мәлімдеуі бойынша, ескерткіштің 30 пайызы дайын. Ал абаттандыру жұмыстары тамыз айының соңында толығымен аяқталады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров