Токиода Олимпиаданың өтуіне наразы тұрғындар шеруге шықты

Экспресс К

Әлеуметтік желідне

Токиодағы белсенді топ өкілдері жазғы Олимпиаданы өткізуге қарсы наразылық акциясын тағы да өткізді, деп хабарлайды ЭК.

Олар спорттық шара елдегі коронавирус жағдайын күрделендіре түседі дейді. Ал билік өкілдері Олимпиаданың ашылу салтанатына 20 мың адамға дейін кіргізуді жоспарлап отыр.

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығына жоспарланған. Көктемде ресми билік ойындар шетелдік жанкүйерлердің қатысуынсыз өтетінін мәлімдеген болатын. Ал жергілікті спортсүйер қауым стадиондарға белгілі бір шектеулермен кіргізіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров