Үндістанда коронавирустың жаңа штаммы пайда болды

Экспресс К

©Reuters

Үндістанның Махараштра штатында коронавирустың "дельта плюс" атты жаңа мутациясын 20 адам жұқтырған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы India TV телеарнасында Медициналық білім және зерттеу басқармасының басшысы Т. П. Лахан айтты.

"Біз "дельта плюсті" Нави-Мумбай, Палгар және Ратнагириден таптық. Содан кейін үлгілерін аназизге жібердік. Енді нәтижесін күтіп отырмыз", — дейді ол.

Ратнагири қаласында жаңа штамды 5 адам жұқтырыпты. Олардың екеуінде аурудың ешқандай белгілері болмаған. Биліктегілер коронавирус ары қарай да таралып кетпеуі үшін тежеу аймағын құрып, мутация табылған аудандарды оқшаулап тастады.

Жалпы, Covid-19-дың штаммы алғаш Үндістанның Махараштра штатында 2020 жылдың 5 қазанында анықталған еді. Соңғы кездері ол көптеген елдерден табылды. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, бұл мутация аталған елдегі коронавирустың екінші толқынына себепкер болуы мүмкін.

Бұрын осы штамның B.1.617.1, B.1.617.2 және B.1.617.3 деген түрлері анықталған. Ал жаңа түрі тығыз ақуызда K417N мутациясының болуымен ерекшеленеді. Ол бұрын ауырған және екпе салдырған адамдардың сарысуы мен антиденесінің белсенділігін төмендетеді. Үндістандағы дәрігерлердің айтуынша, бұл штамм осы жылдың наурыз айында Еуропада анықталған.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, Үндістанда коронавирус жұқтырғандардың саны 29,8 миллионнан асып кетті. 28,7 миллионнан аса адам жазылып шыққан. 386 мың науқас қайтыс болды. Қазір 729 мың адам осы дерттен емделіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров