COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 409580 ЖАЗЫЛҒАНДАР 385043 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4242

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған COVID-19 жұқтырудың 930 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады дүйсенбіде коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір күн бұрын елде 1 мың 119 Сovid-19 оқиғасы анықталды, сегіз адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 409 мың 580 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 215,

Алматы қаласында — 115,

Шымкент қаласында — 59,

Ақмола облысында — 36,

Ақтөбе облысында — 19,

Алматы облысында — 13,

Атырау облысында — 40,

Шығыс Қазақстан облысында — 75,

Жамбыл облысында — 13,

Батыс Қазақстан облысында — 66,

Қарағанды облысында — 150,

Қостанай облысында — 32,

Қызылорда облысында — 16,

Маңғыстау облысында — 15,

Павлодар облысында — 40,

Солтүстік Қазақстан облысында — 13,

Түркістан облысында — 13.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 385 мың 43 адам емделді, оның ішінде 966 адам соңғы тәулікте.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекциядан (КВИ+) 4 мың 242 адам қайтыс болды, оның сегізі — соңғы тәулікте.

Сонымен қатар, елде бір тәулік ішінде ПТР (КВИ -) расталмаған коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың 10 жағдайы анықталды, бір адам қайтыс болды. Бір күн бұрын пневмониямен ауырудың 56 жағдайы тіркелді, өлім жағдайлары болған жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 56 мың 545 жағдайы тіркелген, одан 3 мың 424 адам қайтыс болған.

21 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан 21 мың 504 адам ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 20 мың 295 — оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 209 — теріс (КВИ-), стационарларда 6 мың 497 пациент, амбулаториялық емдеуде — 15 мың 007.

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен — ауыр халде 442 пациент, аса ауыр халде — 86, ӨЖЖ аппаратында — 54 пациент бар", — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров