Токиоға тоғыз боксшымыз барады

Нұрболат АДЫРБЕК

kfb.kz

23-шілде күні алауын жағатын Токио олимпиадасында бокстан ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ЭК.

Жалпы, олимпиадалық ойындардың тәртібіне сәйкес 13 түрлі салмақтағы боксшылар бақ сынайды. Оның сегізі ерлер арасында өтсе, бес салмақтағы кездесу әйелдер арасында болады.

"sports.kz"-тің мәлімдеуінше, біздің елден осы төрт жылдықтың басты бәсекесіне әйелдер арасынан бір ғана спортшы қызымыз қатысатын болып отыр. Ол, 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Надежда Рябец.

Қалған 51, 57, 60 және 69 келіге дейінгі салмақтағы әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан құрамасы лицензиясыз қалды.

Ерлер арасындағы сегіз салмақта:

52 келіге дейін: Сәкен Бибосынов

57 келіге дейін: Серік Теміржанов

63 келіге дейін: Закир Сафиуллин

69 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов

75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл

81 келіге дейін: Бекзад Нұрдәулетов

91 келіге дейін: Василий Левит

91 килодан жоғары: Қамшыбек Қоңқабаевтар.

Биылғы Токио олимпиадасына дүниенің төрт бұрышынан жиналған 286 боксшы (186 ер адам және 100 әйел) жұдырықтасады деп күтілуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров