Алматы облысында тағы бір жол апаты: екі әйел қаза тапты

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматы облысындағы Мұқыр асуында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан екі әйел қаза тауып, екі бала жарақат алған, деп хабарлайды ЭК.

Желіде Көксу ауданындағы Алғабас ауылының маңында Mitsubishi Galant және SCANIA-124 көліктерінің соқтығысуынан болған жол-көлік оқиғасының видеосы таралды.

Апат салдарынан бес адам жарақат алған. Оардың екеуі оқиға орнында мерт болды, үшеуі түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Қайтыс болғандардың екеуі әйел адам.

Ал жарақат алғандардың ішінде екі бала бар. Облыстық Полиция депртаментінің мәліметінше, жол көлік оқиғасына кінәлі 36-жастағы Mitsubishi Galant көлік иесі. Ол Алматы-Өскемен тас жолының 225-ші шақырымында ара қашықтықты сақтамай жүк көлігімен соқтығысқан.

"Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр. Тергеу облыстық анықтама бөліміне жүктелген", — дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз-қызметі.

Енді кінәлі бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

19 маусымда Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында ірі жол апаты болып, салдарынан жеті адам қаза тапқанын еске сала кетейік. Олардың арасында төрт бала бар, біреуі — төрт айлық нәресте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров