"Алтын ордадағы" айналма жол: құрылыс қашан аяқталады?

Нұрболат АДЫРБЕК

АО НК КазАвтоЖол

Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы "Алтын Орда" базарының тұсындағы айналма жол құрылысының асфальттау және магистралдық эстакаданы бетондау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ЭК.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда негізгі жолдағы трафиктің ашылуына байланысты жарықтандыру жұмыстары аяқталғанын айтты.

АО НК КазАвтоЖолАО НК КазАвтоЖол
АО НК КазАвтоЖол

Сонымен қатар, бүгінде металл құрылымға арналған темірбетон плиталарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал асфальт-бетон төсеу мен абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, шілде айының басында алғашқы өту трафиктерін ашу жоспарланған. Құрылысты уақтылы әрі сапалы бітіру мақсатында 100-ге жуық жұмысшы және 15 арнайы техника екі ауысымда жұмыс істеуде.

Нысан қазан айында толық пайдалануға берілуі тиіс. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов мамыр айында айтқан болатын.

АО НК КазАвтоЖолАО НК КазАвтоЖол
АО НК КазАвтоЖол

Өткен жылы күзде алматылықтар осы "Алтын Орда" базары маңындағы жолайырықтың салыну уақытының тым кешеуілдеп кеткеніне қатысты бірнеше мәрте шағымданған еді. Артынан Алматыға сапары кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалалықтардың шағымына байланысты Алматы қаласы мен облысының әкімдеріне сын-ескертпе айтты. Сөйтіп, құрылыс жұмыстарын қадағалауды үкімет басшысына тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров