Атырауда суға кеткен екі қыз құтқарылды

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық ТЖД

Атыраудың орталық жағажайында Жайық өзеніне батып кеткен екі қызды құтқарушылар аман алып қалды, деп жазады ЭК.

Оқиға 19 маусым күні 16:40 шамасында "Атырау" спорт және сауықтыру кешені аумағындағы орталық жағажайда болған. Жағадан алыстап кеткен 14 жастағы екі қыз суға батып кеткен.

"Оларды дер кезінде құтқарушылар байқап қалды. Құтқарылған 14 жастағы екі жасөспірім қыз дәрігерлік көмекті қажет етпеді. Полиция қызметкерлері жасөспірімдердің ата-анасын шақырып, профилактикалық әңгімелесу жүргізді", — деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері еліміз бойынша 30-дан астам балалар мен жасөспірімдер суға батып кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров