Асқар Мамин Үкіметтің 2020 жылғы көрсеткіштеріне қатысты есеп берді

Бек ТӨЛЕУОВ

Асқар Мамин / primeminister.kz

2020 жылы Қазақстанның халықаралық резервтері 4 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ЭК.

"Үкіметтің ауқымды және уақтылы қолдау шаралары 2020 жылы Қазақстан экономикасының төмендеуін 2,6 пайызға дейін, ал негізгі капиталға инвестициялардың азаюын 3,4 пайызға дейін шектеуге мүмкіндік берді. Былтырғы күрделі жағдайға қарамастан, жылдық инфляцияның 7,5 пайыз, жұмыссыздық 4,9 пайыз деңгейінде болуын қамтамасыз еттік. Бұл көрсеткіштер жалпы әлемдік көрсеткіштерге қарағанда айтарлықтай жақсы", — дейді Мамин.

Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 58,7 млрд долларды құрап отыр. Әлемдік тауар нарықтарында сұраныс пен баға төмендеу салдарынан сыртқы сауда айналымы 85 млрд доллар деңгейінде қалыптасты.

"Оның ішінде экспорт — 47 млрд доллар және импорт — 38 млрд доллар болды. Сыртқы саудада 8,9 млрд доллар деңгейінде оң сальдо сақталды. 2020 жылы мемлекеттік бюджет кірісі — трансферттерді есептемегенде жоспарға қарағанда 102,7 пайызға, республикалық бюджет кірістері — 100,3 пайызға, ал жергілікті бюджет кірісі — 108 пайызға орындалды", —дейді Үкімет басшысы

Оның атап өтуінше, мемлекеттік бюджет шығыстары жоспарға қарағанда 98,2 пайызға атқарылды.

Бұл ретте республикалық бюджет шығыстары — 98,3 пайызға, ал жергілікті бюджет шығысы — 99,1 пайызға орындалды,

деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, халықаралық резервтер 4 пайызға өсіп, 94,3 млрд долларды құраса, алтын-валюта резервтері 23,1 пайызға өсіп, 35,6 млрд долларға жеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров