Қызылорда облысында 8 жастағы бала суға кетті

Фархат ӘБІЛОВ

Қызылорда облыстық ТЖД

Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданында 8 жастағы ұл бала суға батып кетті, деп хабарлайды ЭК.

Қайғылы оқиға 20 маусым күні сағат 16.30 шамасында Қармақшы ауданының теміржол көпірі маңындағы каналда болған. Достарымен жабайы жағажайда шомылып жүрген ер бала суға батып кеткен.

Қазір суға батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 техника қатысуда,

деп хабарлады Қызылорда облыстық ТЖД.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров