"Тамыр-таныстық" пен "аға-көке" азаймай тұр

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Семейдегі №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Руслан Кибке Facebook парақшасында қызмет алушыларға арнап жазба жариялады, деп хабарлайды ЭК.

Өзінің бір айлық жұмысын қортындылаған директордың айтуынша, әлі күнге дейін ортаға тамыр-танысын, ағасын салып, шаруасын шешетіндер бар екен.

— Жұмысымның нәтижелері туралы айту, әрине, ерте. Бірақ қазірдің өзінде "аға", "көкелеріне" арқа сүйейтіндердің бар екенін түсіндім. Осы уақыт ішінде маған әртүрлі "құрметті адамдардан" қоңыраулар толастаған емес. Бірақ менің айтарым бекер әуре болмаңыздар. Мен мемлекеттік қызметке жең ұшынан жалғасқан сыбайластық үшін келген жоқпын. Осындай "достарыма" айтарым, №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының кез-келген көмегі тек Қазақстан Республикасының заңдарына сай жүзеге асады", — деп жазды Семей қаласы ХҚКО директоры Руслан Кибке.

Facebook / Руслан КибкеFacebook / Руслан Кибке
Facebook / Руслан Кибке

Осындай "Сыйлы" адамдардың қоңырауы толастамаса, аудио жазбаларды жариялауға мәжбүрмін дейді ол өзінің жазбасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров