Оқушы қыз Атыраудың құқық қорғау органдарын аяғынан тік тұрғызды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Атырауда 6-сынып оқушысын белгісіз біреу көлігімен алып кеткені жөнінде полицияға арыз түсті. Алайда кейін оқиға мүлде басқа бағытта өрбіген, деп хабарлайды ЭК.

20 маусым күні таңғы 5-тер шамасында 12 жастағы қыз Атырау қаласының орталығында орналасқан пәтерден шығып кетіп, бірнеше сағаттан соң үйіне оралған. Ол анасына көшеде тұрған кезде сұр түсті такси тоқтап, көлікке күштеп салып алып кеткенін айтыпты.

Мұны естіген анасы Атырау қалалық Полиция басқармасына арыз түсіреді. Сөйтіп, ҚР ҚК 124-бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Атырау қаласындағы барлық полиция қызметкерлеріне күдікті азамат туралы ақпарат беріліп, оны ұстау бойынша жедел іс-шара басталады. Қыздың айтуынша, оны ұрлаған жігіттің жасы 25-30-дар шамасында болған. Оқиға орнына Атырау облыстық Полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, Атырау қалалық Полиция басқармасының бастығы, облыстық тергеу басқармасының бастығы, Атырау қаласының прокуроры барған.

Алайда кейін қыз анасына бәрін ойдан шығарғанын айтқан. Бұлоқиғаға қазір тергеушілер мен психологтар жұмыс істеп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров