Мамыр айында әлемде азық-түліктің бағасы 40 пайызға өсті – Мамин

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Биыл мамырда азық-түлік тауарларының бағасы әлемде жылдық мәнде шамамен 40 пайызға өсті. деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

"Азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру жұмысы белсенді жүріп жатыр.29 негізгі азық-түлік тауарының 11-і — 100 пайыздан аса қамтамасыз етілген, ал 12 тауар бойынша — 80 пайыздан артық. 6 тауар бойынша импортқа тәуелділік бар. Оны азайту үшін азық-түлік тауарлары өндірісін ұлғайту бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатыр. Биыл 35 сүт-тауарлы ферманы, 2200 гектар бау-бақша, 2 ет комбинатын, 5 құс фабрикасын, 4 балық өндірісі объектісін іске қосу жоспарланған", — дейді Мамин.

Оның айтуынша, 2022-2023 жылдары тағы 70 сүт-тауарлы фермасын, 4400 гектар бау-бақша, 4 ет комбинатын, 6 құс фабрикасын, 4 балық өндірісі объектісін және 1 қант зауытын іске қосу жоспарға енгізілген.

"Осының барлығы 2024 жылға қарай негізгі азық-түлік тауарлары бойынша ішкі нарықты толық өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы әлемде жылдық мәнде шамамен 40 пайызға өсті, ал Қазақстанда қабылданған шаралардың арқасында азық-түлік инфляциясы 9,3 пайыз құрады. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасатын болады", — дейді Үкімет басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров