Есеп комитеті Қаржы министрлігін сынға алды

Бек ТӨЛЕУОВ

Наталья Годунова / parlam.kz

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова қаржы министрлігін депутаттарға аудиторлық ескертулерді түсіндірмегені үшін сынға алды, деп хабарлайды ЭК.

"Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге арналған резервтер бар. Біз салықтық тексерулердің тиімділігін арттыру, кедендік статистикадағы сәйкессіздіктерді азайту жағынан сапалы өзгерісті байқамаймыз. Артық төлеу мәселелері де шешілген жоқ. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік орган ескертулерді не аудиторлық органға, не Мәжіліс депутаттарына, не Сенат депутаттарына түсіндіре алмады. Бірақ министрлік өздерін баспасөзде ақтау алуды қажет деп санады. Шамасы, мәселенің күрделілігіне және оқырмандардың кәсіби детальдарды түсінбейтіндігіне сенген болар", — деді Наталья Годунова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Осыған қарамастан, ол кемшіліктер мен заң бұзушылықтар жойылмаған деп отыр. Олардың барлығы аудиторлық дәлелдемелермен расталған екен

"Ашықтықты, есеп беруді арттыру және мемлекет тарапынан көмек көрсету тетіктерін қайта қарау арқылы бюджеттік саясатты реформалау керек. Атап айтқанда, тиімсіз салық жеңілдіктерін жою және оларды жүйелеу, көлеңкелі экономикаға және салық төлеуден жалтаруға қарсы дәйекті күрес арқылы салық базасын кеңейту бойынша шаралар қабылдауы тиіс", — деп толықтырды Есеп комитетінің басшысы.

Ол ведомство бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығы үшін құжат әзірлеу мәселесін қарау қажеттілігіне бірнеше рет назар аударғанын еске түсірді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров