Мұхаммед Әлидің немересі кәсіпқой бокспен айналыспақ

Нұрболат АДЫРБЕК

twitter.com/arashmarkazi

Аты әлемге әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің немересі Нико Әли Уолш кәсіби бокспен айналысуға бел буды, деп хабарлайды ЭК.

"Sports.kz"-тің жазуынша оның кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі 14 тамызға жоспарланған. Ол Эндрю Молонидің Джошуа Франкоға қарсы жекпе-жегінің андеркардында рингке шықпақ. Бұл туралы осы жекпе-жекті өткізуші, негізін Боб Арум қалаған "Top Rank" промоутерлік компаниясының өкілдері мәлімдеді. Айтпақшы, дәл осы компания промоутерлік мансабындағы алғашқы жекпе-жекті 1966-жылы Мұхаммед Әли үшін ұйымдастырған болатын.

"Атам менің промоутерлікке Боб Арумнан басқа ешкімді қаламағанын нақты білемін. Сіздер Дон Кингтің менің атаммен және Майк Тайсонмен қалай араласқанын көрдіңіздер, бокста көп адамға сене беруге болмайды, ал Боб Арум болса — тек бокста емес, жалпы алғанда, бизнесте де беделді тұлға. Мен әрқашан Top Rank-тің бір мүшесі болғым келген. Бұл — мен үшін үлкен құрмет", -деп атап өтті Уолштың өзі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров