Павлодарда күдікті қызды зорлады делінген полицей тергеле бастады

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Павлодарда полиция майорына күдікті қызды зорлады деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ЭК.

Облыстың Полиция департаментіндегілер қажетті сараптамалардың тағайындалғанын мәлімдеді.

"Осы дерек бойынша, Павлодар облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК 120 (зорлау) және 362 (билігін немесе қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады", — деп түсініктеме берді ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, павлодарлық құқық қорғаушы Елена Семенова зорлық туралы дабыл қаққан еді. Оған оқшаулау орнында 22 жастағы қыз өзін полиция майоры зорлағанын айтып шағымданған. Қыздың айтуынша, сақшылар оны 17 ақпан күні ұстапты. Полиция бөлімшесіне әкелініп, тергеу амалдары жасалған. Сосын тәртіп сақшыларының бірі оны пәтерге әкеп: "Осында қонып шығамыз. Бәріміз шаршадық. Таң атқан соң полиция басқармасына барамыз", — деп ескерткен.

Қыздың сөзіне қарағанда, әлгі майоры "қашып кетпесі үшін қараймын" деп сылтауратып, күдіктінің қасына жатып, артынша зорлық жасаған көрінеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров