Фоторепортаж: Атырауда MFC-тан халықаралық турнир өтті
© Фархат АБИЛОВ
Атырауда халықаралық MFC (Mergen fighting Championship) турнирі өтіп, Қуат Хамитов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді, деп жазады ЭК.
Атырауда өткен халықаралық турнирде Өзбекстан, Ресей, Грузия, Украина, Қырғызстан және Қазақстаннан 22 спортшы бақ сынады.
Алғаш болып жекпе-жекке шыққан атыраулық Жансерік Жақсылықұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңсе, отандасымыз Нұрбек Отар ресейлік қарсыласын уақытынан бұрын ұтып, жергілікті спортшы Сиражев Бердібек өзбекстандық қарсыласынан басым түсті.
тағы да бір Атыраулық спортшы Шыңғыс Қамалов өзбекстандық Исломбек Хакимжоновқа бірнеше нақты соққы жасап, тізе бүктірсе, Муай-тайдан Әлем чемпионатының жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ищан Галиев өзінің аралас жекпе-жектен кәсіпқойлар арасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
— Мені баптаған әкем мен бапкерлеріме, қолдаушыларыма алғысымды айтамын. Жарысқа өте жоғары деңгейде дайындалдым. Алдағы уақытта да жанкүйерлерімнің сенімін ақтаймын,
Муай-Тайдан бүкіләлемдік ойындардың чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Саясатов кәсіпқой аралас жекпе-жегіндегі алғашқы кездесуінде грузиялық қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.
MFC турнирінің соңғы нүктесін елімізге белгілі жауынгер Қуат Хамитов қойды. Ол украиналық Роман Головинді техникалық нокаутпен ұтып, жеңіс тұғырынан көрінді.