Елімізде екі аптада 428 жол апаты болды


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Соңғы екі аптада елімізде 428 жол-көлік апаты тіркеліп, 88 адам мерт болды, деп хабарлайдыЭК
Ішкі істер министрлігі мұны еңбек демалысының басталу кезеңімен байланыстырып отыр.
"Екі аптада 428 жол-көлік оқиғасы кезінде 88 адам көз жұмып, тағы 505 адам жарақат алды. Оның ішінде 92 көлік апатында кәмелет жасына толмаған 8 бала қайтыс болып, 102-сі зардап шекті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің үштен бірі жаяу жүргіншілер", — деді министрліктің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Жазғы маусым басталысымен қала сыртындағы тас жолдарда болатын апаттарда адам қазасының көрсеткіші артқан. "Мұндағы басты себеп — жүргізушілердің жылдамдықты сақтамауы және қарсы бағытпен жүруі. Ал, елді мекен аумақтарында болатын апаттар негізінен жаяу жүргінші жолағын кесіп өту ережесінің бұзылуы мен жылдамдықты арттыруынан болады", — деп мәлімдеді ІММ реси өкілі.