Қазақша күрес спортшысы төбелес кезінде пышақталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Нұр-Сұлтан қаласына қазақша күрестен республикалық жарысқа келген спортшылар арасында төбелес болған, деп хабарлайды ЭК

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, 20 маусымында полицияға белгісіз біреуден Қорғалжын тасжолындағы қонақ үй бөлмесінде ер адамды пышақтап кетті деген хабарлама түскен.

Тексеру барысында 15 маусым күні бір топ жастың астанаға қазақша күрестен республикалық жарысқа Ақтөбе қаласынан келгені анықталды.

"Жарыс аяқталғаннан кейін 20 маусымда олар қонақ үйге орналасқан. 21 жастағы екі жігіттің арасында келіспеушілік болып, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жігіттің бірі екіншісінің кеудесін пышақпен жарақаттаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді", — деп хабарладыполиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал 21 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жаыр. Сондай-ақ, осы жарысты ұйымдастырушылардың іс-әрекеті де тергеуге алынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров