Бір жылда бюджет қаражатынан 570 миллиард теңге тиімсіз жұмсалған

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

2020 жылы бюджет қаражатынан 570 миллиард теңге тиімсіз пайдаланылған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді.

Бюджеттің атқарылуына қатаң талап қойылғандықтан, әзірге игеру бойынша жарыс жүріп жатыр.

"2020 жылы бюджет қаражатынан 570 миллиард теңге тиімсіз пайдаланылған. Бұған республикалық бюджетке қаражатты қайтару да, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтары да кіреді. Сондай-ақ мемлекеттік аудит органдары анықтаған бұзушылықтар бар. Соның ішінде дағдарысқа қарсы ресурстарды жұмсау бойынша қаражат тиімсіз игерілді", — дейді Наталья Годунова.

Ол сондықтан былтырғы жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу кезінде мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын күшейту жөніндегі бастаған жұмысты жалғастыру өте маңызды деп есептейтіндерін айтты.

"Қолданыстағы шығыстардың сапасы және іске асырудан алынатын әсер мәніне оларды сыни тұрғыдан қайта қарау қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілді. Бұл жөнінде мемлекет басшысы әр сөзінде айтып отырады. Бюджеттің мүмкіндіктері шектеулі болған кезде басымдықтарды нақты айқындап, дәйекті түрде белгілеу қажет. Бұл барлық жоспарланған міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді және қабылданған шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етеді", — дейді комитет басшысы.

Ал Мәжіліс депутат Аманжан Жамалов бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артық деп отыр.

"Таң қалатыным, оның 10 пайызы, яғни 56 млрд теңгесі квазимемлекеттік секторға қатысты. Бір қарағанда, олай болуы мүмкін емес болып көрінеді. Өйткені, өздеріңіз білесіздер, олар бюджеттік ұйымдар емес, кәсіпкерлік субъектілері. Бірақ шән мәнінде солай болып шықты. Сонымен қатар өткен жылдардағыдай стратегиялық және бюджеттік жоспарлау арасында тиісті өзара байланыстың болмау проблемасы сақталып отыр. Мемлекеттік органдардың стратегиялық нәтижелерінің, көптеген көрсеткіштері олардың қызметінің ағымдағы сипатын көрсетеді", — дейді комитет басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров