Хан Ордалы Сарайшықтан шу шықты: "Молаға тиіспеңдер!"

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді «Сарайшық» музей қорығының әкімшілігі ұсынды

Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық қаласында археологтар Қасым ханның зиратын табу үшін жиырмаға жуық моланы қазып, мәйіттерді көшіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Археологтардың бұл ісіне жергілікті тұрғындар қарсы, деп жазады ЭК.

Суреттерді "Сарайшық" музей қорығының әкімшілігі ұсындыСуреттерді "Сарайшық" музей қорығының әкімшілігі ұсынды
Суреттерді "Сарайшық" музей қорығының әкімшілігі ұсынды

Тарихшы ғалымдар талай жылдан бері хандар мүрдесін іздеп жүр. 2020 жылы Атырау облысы Махамбет ауданындағы тарихи мекен Сарайшықтан Қасым ханның жерленген жерінің жобасын тауып, 2021 жылы қазба жұмыстары басталып кеткен. Алайда кедергі келтірді деп іргесіндегі молаларды көшіріп жатыр. Бұған жергілікті тұрғындар ашулы.

Қазба жұмысын жүргізіп, моланы көшіріп жатқан тарихшылар халықтың рұқсатын алған жоқ. Алдымен орыстардың мәйітін көшірді. Олар табытқа салынғандықтан, сүйектері жинақы жатады. Ал біздің ата-бабаларымыздың сүйектерін жинап апарады. Ол сүйектер түгел ме, түгел емес пе? Мына жерде үш ғасырдан бері адамдар жатыр. Енді кімге барып дұға етеміз? — дейді Сарайшық ауылының тұрғыны Хатия Хайруллина.

Суреттерді "Сарайшық" музей қорығының әкімшілігі ұсындыСуреттерді "Сарайшық" музей қорығының әкімшілігі ұсынды
Суреттерді "Сарайшық" музей қорығының әкімшілігі ұсынды

Ғалымдардың болжамынша, Сарайшық қаласында хандар жерленген. Алтын Орда мен Ноғай ордасынан кейін, қазақ хандығының Астанасы болған жер. Бұл елдімекенде жеті ханға ескерткіш те орнатылған. Солардың бірі Қасым хан дәл осы іргеде жерленген деп археологтар, этнограф ғалымдар зерттеу жұмысын бастаған еді. Сол себепті зиратты көшірген.

Біз әруақтарға тыныштық сұраймыз. Басқа ештеңе керек емес. Көшіретіндерін алдын-ала айтқан жоқ. Қазып жатқанда ғана біліп, жағамызды ұстадық. Алдымен жеті моланы қазамыз деп еді, онымен 12-ге жуық моланы қазып тастады,

деп ашуланады ауыл тұрғыны Алтай Құспанғалиев.

Сондай-ақ тұрғындар құлпытастардың зират ішінде шашылып жатқанына наразы. Расында, қорым ішінде көне моланың қоршаулары, бейіт басына қойылған белгілермен бірге құлпытастар да жатыр. Тіпті әр жерден не адамдікі, не малдікі екені белгісіз сүйектерді де көруге болады.

Қабірхананың іргесі ашылды. Қазу кезінде белгілі болғандай, қабірхана тоналған, қаңқалар шашылып жатты. Бұл мәйіттерді басқа орынға көшірмейінше қазба жұмыстарын жүргізу мүмкін емес еді, — дейді "Сарайшық" музей қорығы директоры орынбасарының міндетін атқарушы Айбек Тұрарұлы.

Оның айтуынша, бастапқыда 5-6 мүрдені көшіру жоспарланғанымен, кейін 20-ға жуық зиратты ашқан. Оның жетеуінің ғана туыстары табылған.

Өйткені құлпытастардағы жазу өшіп қалған, кейбірінде мүлдем жоқ. Бірақ ол мүрдерлердің бәрін имам шақырып, құран бағыштатып, әрқайсысын арулап көмдік. Шашылып жатқан адам сүйегі емес, малдыкі,

дейді Айбек Тұрарұлы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров