Әйелдер де ерлерше еңбек етеді

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Adobe Stock / © Seventyfour

Ел билігі әйелдерге ауыр және қауіпті өндірістерде жұмыс істеуге рұқсат беріп, оларға қатысты алалаушылықты жоймақ - деп хабарлайды ЭК Үкіметке сілтеме жасап.

"Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекіту туралы" үкімет қаулысына сәйкес, әйелдерге қатысты бірқатар шаралар қабылдау жоспарланды. Соның ішінде 2021 жылдың соңына дейін әйелдерге рұқсат етілмеген жұмыс орындарының тізімін алып тастау туралы заң қабылдамақ.

Ал мұндай ауыр жұмыстардың қатарында кокс өндірісі, домна пеші, атом электр станциялары үшін отын өндірісі, химиялық өндіріс, цемент өндіру, қорғасынмен жұмыс, ұңғымаларды бұрғылау сияқты қауіпті кәсіпорындар бар. Алайда мұндай өндірістерде әйелдер көтеретін жүктің ең ауыр салмағын 7 -10 келіден асырмау, жұмыс ауысымы кезіндегі талаптарды жеңілдету сияқты шаралар қаралады.

Аталған мәселе бойынша қабылданған заң шеңберінде әрекет ететін боламыз дейді Үкімет.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров