Бердібек Сапарбаев: "Жамбылдан шығатын вакцина малға да салынады"

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Жамбыл облысында іске қосылатын вакцина өндіру зауытында тек қана коронавирусқа қарсы емес, басқа да ауруларға қажетті екпе түрлері шығарылатын болады, деп жазады ЭК.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, еліміздің вакцина өндіретін зауыт салудан тәжірибесі болмағандықтан, қажетті құрал-жабдықтарды АҚШ пен Қытайға тапсырыс беруге мәжбүр. Алайда бұл жабдықтарды әкелу пандемия кезінде оңайға түспеген.

Құрал-жабдықтардың 99 пайызы елге жеткізіліп, оларды орнату жұмыстарына Қытай, Италия мен Украинадан мамандар жұмылдырылды. Күні кеше ғана техникалық сынақ жасап көрдік, бәрі дұрыс. Қондырғыларды толықтай орнатып болған соң технологиялық тұрғыдан тексерістен өтеді. Содан соң Денсаулық сақтау және Білім және ғылым министрліктерінің GMP талаптарын растайтын сертификат беріледі. Ол үшін 1,5 ай уақыт қажет. Сертификат алған соң, лицензия берілуі тиіс. Осылайша вакцина зауытын қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр,- деді Бердібек Сапарбаев.

Зауыт толық іске қосылғаннан соң, вакцина өндіру көлемін 1 млн данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ зауытта тек коронавирусқа қарсы емес, басқа да ауру түрлерімен күресетін вакцина өндірілмек.

Тек адам ғана емес, жануарларға да арналған вакцина түрлері шығарылады. Зауыт келесі жылдан бастап өндіріс қуатын толықтай пайдалануы тиіс, сол үшін де бірнеше бағытта жұмыс істейтін болады,

деді Сапарбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров